Тянь-Шаньда із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық альпинистерді іздеу тоқтатылды

открытые источники
открытые источники
1955 жылдан бері Жеңіс шыңын бағындыруға аттанған 17 қазақстандық альпининст өлім құшқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экипаж мүшелері Алматыға қайтып оралды. Атақты альпинист Қазбек Валиев, Мақсұт Жұмаев және Аманжол Рахметов бастаған құтқарушылар тобы іздестіру шарасының қиын жағдайда өткенін айтты. Олар 7 мың метрлік Жеңіс шыңын бағындыруға аттанған үш альпинисті іздестіру шарасы еш нәтиже бермеді, – деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Тянь-Шань тауының бас айналдырар биік шыңын бағындырмақ болған үш альпинисті іздестіру шарасы туыстарының келісімімен тоқтатылды. Іздеуге екі елден бас аяғы 3 тікұшақ жұмылдырған. Із-түссіз жоғалғандардың отбасы арнайы құтқару шарасына атсалысқан экипаж мүшелерінің әрқайсысына алғыс айтты. Дегенмен, аман қалуға еш мүмкіндік жоқ десе де, альпинисттер ізім-қайым кеткендердің қатарында болады деді. Сондықтан, оларды аман келетініне сеніп, өлімге қимайды.

«Осы бірнеше күнде біздің жақындарымызды іздеу шарасы қарқынды жүргізілгенін көз көрді. Суық ауа-райына қарамастан, қолдан келгеннің барлығы жасалды. Отбасымыздың атынан альпинистерді іздеуге атсалысқандарға алғыс айтамыз. Қазақстан мен Қырғызстанның пилот, құзға өрмелеушілерге бізді қолдағандары үшін рахмет! Әркім өз ісінің маманы екенін дәлелдеді. Экипаж мүшелерінің әрқайсысының еңбегі орасан зор», – Мұрат Өтепбаевтың жұбайы Шахаризада ШАХБҰТОВА.

Қайғылы жағдай орын алды дегенді естіген мамандар бірден оқиғаға орнына аттанған. Алматы-Қарқара бағыты бойынша тікұшақпен олар 14 рет айналым жасап, 5100-6000 метр биіктікке дейін көтерілген. Өмірдің жылт еткен белгісін байқау үшін арнайы құрылғымен де тексеру жүргізген. Ешқандай тірі жан да және адамның ізі де табылмады дейді экипаж мүшелері.

«21 тамыз күні ауа райының қолайсыздығына байланысты тікұшақ көкке көтеріле алмады. 22 тамыз күні осы топпен аталған қайғылы оқиға орнына екінші рет ұшақпен тексеріп келгенде 2 тексерісте 14 рет тексеріс өткізілді. Аталған жерге. Алдыңғы нәтижедей болған жоқ. Қайғылы оқиға болған жерге жақындау өте қауіпті. Өйткені, қар көшкіні жүру қаупі бар. 23 тамыз күні қайта Қарқара таулы аймағынан Алматы бағытына қайта оралдық осы жерге», – ҚР Қорғаныс министрлігі армия орталық спорт клубы таудағы даярлық орталығы басшысының орынбасары Аманжол РАХМЕТОВ.

Қазір бастарына қиын жағдай түскен альпинистердің отбасына материалдық көмек көрсету жағы қарастырылып жатыр. Боран мен қар көшкінінің астында қалған альпинистер Мұрат Өтепбаев, Александр Чечулин мен Андрей Корнеевтің 10 жылдан астам тауға өрмелеу тәжірибесі бар.

«Оларды қар құрсауынан табу мүмкін емес. Егер жаяу баратын болсақ, олардың басындағы жағдай бізге де түсетін еді. Адам тұрғысында емес, альпинист ретінде айтайын. Өйткені, Мұрат Өтепбаевтың 4 баласы, қалғандарында екі-екіден балалары бар. Бұл биік шыңды бағындыру адам өмірі үшін өте қауіпті. Олар шыныққан шымыр, осыған дейін бірнеше рет шыңды бағындырып жүрген адамдар. Іздегіміз келеді, арамызда аман-есен оралғанын қалаймыз. Тек бұл өкінішке орай мүмкін болмай тұр», – дейді ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазбек ВАЛИЕВ.

1955 жылдан бері Жеңіс шыңын бағындыруға аттанған 17 қазақстандық альпининст өлім құшқан. Олардың әлі күнге дейін мүрделері ақ ұлпаның құрсауынан табылмапты. Басынан жылдың төрт мезгілінде де қар кетпейтін Тянь-шань тауыннан бірінің тек жазып жүрген күнделігі табылған көрінеді.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров