Түркістанда алма жинап жүрген 22 жастағы жігіт тоққа түсіп көз жұмды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Темір баспалдақ электр желілеріне жақын тұрған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында 21 жастағы жігіт бау-бақшада алма жинап жүргенде тоққа түсіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Қарасу ауылында болған. Азамат жолдасымен бірге бақшаға барып, алма жинаған. Сол кезде темір баспалдақты ұстап, кенеттен есінен танып қалды.

Жас жігіттің туған-туыстары оған алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысты. Бірақ одан нәтиже шықпады. Ол оқиға орнында мерт болды.

«Біз айқай-шуды естіп, бақшаға жүгіріп бардық. Сосын бірнеше сағат бойы оны ажалдан арашалауға тырыстық. Бірақ қолымыздан келмеді. Бүгін жап-жас жігітті жер қойнына тапсырдық», – дейді ауыл тұрғыны Жұмағали Есмырзаев.

Ал Азаматтың әкесі темір баспалдақтың электр желілеріне жақын тұрғанын айтты.

Ауыл тұрғандары әкімдікке талай рет арызданып, кернеуі жоғары сымдарды көтеруді сұраған. Себебі электр желілері жерден төрт-ақ метр биіктікте өтеді.

Алайда жергілікті билік ештеңе істеген жоқ.

Жоғары Қарасу ауылында электр бағаналарының басым бөлігі 50 жыл бұрын орнатылған. Көбіснің тозығы әбден жеткен. Жаңбыр жауғанда сымдар ұшқын атып тұрады. Әкімдік болса, халықтың өзі кінәлі деп отыр.

«Негізі, бұл жерде алдымен бағаналарды орнатқан. Артынан адамдар үйлерін салып тастады. Сөйтіп электр желілері үйлердің ортасында қалды», – деп атап өтті ауыл округы әкімінің орынбасары Мейіржан Дүйсенбаев.

Оның айтуынша, келесі жылы ауылда 30 жаңа бағана орнатылады.


Новости партнеров