Жамбыл облысындағы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Екі жеңіл көліктің соқтығуысынан жүргізуші мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жамбыл облысында 2 адам қаза тапқан жантүршігерлік жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, аталған факт бойынша медициналық сараптамалар тағайындады, деп хабарлайды Almaty.tv
Оқиға Жамбыл облысына қарасты Гордиков ауылында болған. Екі жеңіл көліктің соқтығуысынан жүргізуші мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кетті.
«12 тамыздың түні жанармай бекетінің маңында БМВ мен Мерседес маркалы екі автакөлік соқтығысты. Жол апаты болған жерде Мерседес автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы мерт болды. Оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», – деді облыстық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары Жәнібек Данков.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
10.10.2026 12:53
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
10.10.2026 09:10
Иммунитетті қалай күшейтуге болады - мамандар кеңесі
10.10.2026 09:54
Қан қысымын төмендетуге көмектесетін жеміс аталды
09.10.2026 12:17