11 қаңтар күні Қызылорда облысының 7 тумасы киік аулауға шығып, ізіне түскен қорықшыға оқ атқан
Қорықшыны өлтірді деген күдікке ілінген үш қызылордалықтан басқа тағы 4 адамның үстінен іс қозғалды. Қазір Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
11 қаңтар күні Қызылорда облысының 7 тумасы киік аулауға шыққан. Олардың алдын-ала қаруланғандары белгілі болды. Күдіктілер екі көлікпен шығып, алғашқы екі күн Жаңаарқа ауданындағы Қызылжар ауылындағы туыстарының үйінде болған. Ал 13 қаңтар күні ақбөкендер көп жүрген Нұра ауданына жол тартыпты. 17 жануарды атып, кейіннен мүйіздерін кесіп алған. Киіктің еті мен мүйізін екі көлікке салған. Ал, олардың ізіне түскен қорықшылардың ішінде Ерлан Нұрғалиев те болған еді.
Естеріңізге салсақ, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған. Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда ауруханада көз жұмған болатын.