Атасының үйіне қыдырып келген 10 жастағы қызды ит талап өлтірді

11.05.2022 20:45

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні орын алған

krasivosti.pro

Қырымда атасының үйіне қыдырып келген 10 жастағы қызды ит талап өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні орын алған.

Gazeta.ru мәліметінше, ер адам өз үйінің аумағында ротвейлер тұқымды иттерін босатып жіберген. Сол сәтте атасына қыдырып келген қызға иттер шабуыл жасап, аяқ-қолы мен басын тістеп тастаған.

Қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, жарақаты ауыр болғандықтан ота жасау кезінде қайтыс болды.

Қазіргі таңда Советский ауылының тұрғынына қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 109-бабы (Абайсызда өлімге әкеп соқтыру) бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.