Алматы дезинфекциялық жұмыстардың 8-кезеңі басталды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Дезинфектор мамандар бұған дейін әр кезең сайын 8500 үй мен 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан аса аулаға тазалық жұмыстарын жүргізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы пәтерлер мен аулалар сондай-ақ көшелерді залалсыздандыру жұмыстары белсенді жүргізіліуде. Бүгін қала бойынша дезинфекциялық жұмыстардың 8-кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Дезинфектор мамандар бұған дейін әр кезең сайын 8500 үй мен 23 мың кіреберіс және 4 мыңнан аса аулаға тазалық жұмыстарын жүргізген. Бұдан бөлек, осындай балалар ойнайтын алаңқайлар да залалсыздандырылып жатыр. Сол себепті мамандар тұрғындардың балаларын сыртқа көп шығармауларын сұрайды.

Көпқабатты тұрғын үйлер мен кіреберістер адам көп жүретін жер болғандықтан мұнда вирустың таралу қауіпі де жоғары саналады. Сол себепті де ондай жерлердің түрлі инфекция мен вирустан таза болуы маңызды. Тұрғын үйдегі адамдар көп ұстайтын есіктің және баспаның тұтқаларын тазарту жұмыстары басты назарға алынған. Мамандардың айтуынша, мұндай дәрілік заттар короновирус пен қатар өзге де жұқпалы аурулардың алдын-алуға мүмкіндік бермек.

«Күн сайын бес жүзге жуық адамнан құралған 70 бригада аулалар мен кіреберістерді залалсыздандыруға шығады. Күніне 70 мың литр дайын ерітінді қолданылады. Жалпы  жұмыс басталғаннан бері миллион литрдан астам дайын ерітінді жұмсалған. Дәрілік заттардың адам ағзасына еш зияны жоқ», – деді қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан ОТЫНШИЕВ.

Дезинфекциялық жұмыстың 8-кезеңі бойынша қаладағы 8503 тұрғын үй, 23 454 подъезд және 4082 ауланы залалсыздандыру жоспарланып отыр. Ол үшін 467 адамнан құралған 64 бригада жұмысқа тартылған. Мамандар осы қарқынмен 8-кезеңді 3 күнде аяқтаймыз деп отыр.

Ұлағат Арғын, «Алматы» арнасы

Новости партнеров