Қарағандыда бала лифт шахтасына құлап кетті

08.07.2022 20:46

Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды

© Sputnik / Владислав Воднев

Қарағандыда 11 жасар бала құрылысы аяқталмаған ғимараттың лифт шахтасына құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, жазатайым оқиға 3 шілдеде болды. Бала ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.

"Ол медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бала облыстық балалар клиникалық ауруханасында жатыр.

"Жағдайы тұрақты", - дейді дәрігерлер.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Ғимарат толық салынбағаны белгілі. Ол жеке меншік болып табылады және профлистпен қоршалған.

Бірақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары балалар кейде оның аумағына кіріп, сол жерде ойнайтынын жеткізді.

Толық көрсету
Теги: бала