Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

06.07.2019 00:34

Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген

фото из открытых источников

Алаңдамаңыздар. Арыстағы тыйым салынған аймақтан шыққан өрттен ешкім жапа шеккен жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев мәлімдеді.

Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желілерде «Арыста тағы жарылыс болды» деген ақпарат тараған еді. Оған Қорғаныс министрлігінің инженерлік-саперлік бөлімшелерінің оқ-дәрілердің қалдықтарын жинау барысында оқ-дәрінің жарылғаны себеп болды. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Жауаптылардың айтуынша, қазір Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Өртке қарсы және жедел жәрдем қызметі жүйелі жұмыс жасап жатыр.