Су ресурстары комитетінің басшысы қамауға алынды

18.03.2019 20:47

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды Астана сотының баспасөз қызметі.

Сот 16 наурызда шенеунікке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Ислам Әбішевке қатысты 2 айға - 2019 жылдың 14 мамырына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», - делінген  хабарламада.

Әзірге шенеунікке қандай айыптар тағылғаны хабарланған жоқ.

Айта кетейік, 15 наурызда Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметінен уақытша шектетілген болатын.