Атырау облысында мас жүргізуші балаларды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

08.06.2023 20:47

Оқиға Исатай ауданы Жанбай ауылында болған

stan.kz

Атырау облысында мас күйде көлік жүргізген ер адам жолда 3 баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Исатай ауданы Жанбай ауылында болған. Соның салдарынан тоғыз және он жастағы екі жеткіншек дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ал жедел іздестіру іс-шараларына кіріскен учаскелік полиция мен патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 30 жастағы автокөлік жүргізушісін тапқан.

«Аталған хабарлама бойынша инспекторлар және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жедел іздестіру шарасының нәтижесінде 30 жастағы автокөлік иесін анықтады. Соққы салдарынан 2014 және 2013 жылы туған жасөспірімдер аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Ақтілек Нұроллаева.

Оқи отырыңыз: Шымкенттіктер аптап ыстық салдарынан ауруханаға түсіп жатыр