Көктөбеде қайта өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы куәгерлер айтты. Өрттің видеосы Instagram желісіндегі kris.p.almaty парақшасында жарияланды. ТЖД мәліметінше, өрт сағат 13.52-де басталған.
«Медеу ауданында шыққан өртті тағы сөндіріп жатыр. Нұрмағамбетов көшесінде 1 гектарға жуық аумақ өртке оранды. Оқиға орнында Алматы қалалық ТЖД өкілдері мен арнайы техника жұмылдырылды», - деп хабарлады Төтенше жағдай департаментіндегілер.
Еске салайық, кеше Көктөбеде өрт шығып, тікұшақтың жұмылғаны хабарланған болатын. Кейінірек Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ірі өрт болған жерге барған еді.
«Бүгін Көктөбе тауының оңтүстік-батыс баурайында үлкен өрт болды. Оқиға болған жерге келдім. Жағдай бақылауда. Қалаға қауіп жоқ», - деп жазған болатын қала әкімі Instagram желісіндегі парақшасында.