Алматылық полицей өртке оранған қонақ үйден ұйықыда жатқан адамды алып шықты

16.09.2020 00:27

Өрт шамамен жарты сағатта ауыздықталды

Polisia.kz

Алматылық полицей өртке оранған қонақ үйден ұйықтап жатқан адамды аман алып шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқыс оқиға Алатау ауданында орын алған. Аталған ауданның полиция басқармасы бастығының орынбасары Жансерік Мыңжасаров сол уақытта кезекшілікте болып, шаңырақ ықшамауданына қарай бет алған. Өрт шыққан жерге дереу тоқтап, мән-жайды анықтаған соң, лапылдаған нысанға қойып кеткен.

Өрт шамамен жарты сағатта ауыздықталды. Абырой болғанда, тілсіз жаудан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.