Ақтауда ер адамның мәйіті судан табылды

25.08.2021 20:48

Қазіргі таңда марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр

inform.kz

Ақтаулық құтқарушылар ер адамның мәйітін тауып, шығарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Құтқарушылар 24 тамыз күні сағат 19:23 шамасында Ақтаудағы бесінші шағынауданындағы теңіз жағалауынан ер адамның мәйітін тауып, шығарды. 2001 жылы туған жігіт Бейнеу ауданының тұрғыны екен. Туыстарының айтуынша, ол 23 тамызда үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне келмеген», – деді Бекболат Әбдіқадыров.

Қазіргі таңда марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.