Шекарадан 1 тонна спирт алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

МИА «Казинформ»
МИА «Казинформ»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шекарашылар өткен тәулікте 1000 литрден астам спирттік ішімдік пен оқ-дәрілері бар карабинді асырмақ болған адамды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Бейнеу шекара жасағының «Бейнеу теміржол» шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар «Нөкіс-Бейнеу» бағытындағы № 647 теміржол көлігінің құрамын тексеру барысында ілеспе құжатсыз 0,5 литрлік 359 шөлмек спирттік ішімдігін (арақ) алып өтпек болған 27 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Жүк «Бейнеу» кедендік бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды», - делінген хабарламада.

Осыған ұқсас жүкті Қордай шекара жасағының шекарашылары да ұстаған.

«Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімшесі  «Мереседец Бенц Спринтер» автомашинасымен Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына кетіп бара жатқан 35 жастағы Қырғыз Республикасының азаматын ұстады. Автомобильді тексеру кезінде салонынан жалпы мөлшері 1000 литрден астам әртүрлі маркадағы 2203 шөлмек арақ-шарап табылды. Жүктің құжаты болған жоқ. Жүк Қордай аудандық МКД-ге тапсырылды», - делінген ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінде.

Орал шекара жасағының «Сырым авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде «Lexus» автомашинасымен ҚР-дан РФ-ға кетіп бара жатқан Ресей Федерациясының 43 жастағы азаматы ұсталды. Автомобильді тексеру кезінде (багаждық бөлігінен) «BLASER R-8» маркалы карабин және оған қоса 30-06 калибрдің 25 оғы табылды. Ұсталған азамат қаруымен бірге Байтерек аудандық ішкі істер органына тапсырылды.    


Новости партнеров