Алматы облысында жалған құжат жасайтын алаяқтар тобы ұсталды

23.02.2021 20:50

Олар Қытайдан келген Қазақстан азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында жалған құжат жасайтын алаяқтар тобы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар Қытайдан келген Қазақстан азаматтарына әлеуметтік және зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жалған құжаттарды дайындаумен және өткізумен айналысқан. Қылмыстық топтың құйтырқы тірлігін Алматы облысының экономиалық тергеу департаменті қызметкерлері мен Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының  мамандары әшкереледі. Алаяқтар еңбек кітапшалары, туу және неке туралы куәліктер сынды жалған құжаттар дайындағаны белгілі болды.