Қазақстанның алтын кенін Қытайға заңсыз сатқан қылмыстық топ ұсталды

21.06.2019 20:50

Қылмыстық топ ай сайын шамамен 100 тонна шикізатты шекара асырып келген

rossaprimavera.ru

Құрамында алтыны бар кенді Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен сатып келген трансұлттық қылмыстық топтың өкілдері ұсталды деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған күдіктілер кенді Ақмола облысы және Степногорск өңірінде өндіріп келген. Шикізатты зерттеу және қайта өңдеуге арналған жасырын зертханалар бүгінде толықтай жойылды.

Ал, құрамында алтыны бар тастарды күдіктілер әр түрлі минерал ретінде көрсетіп, жалған құжаттар бойынша шетелге жөнелтіп отырған. Қылмыстық топ ай сайын шамамен 100 тонна шикізатты шекара асырып келген.