Арбада жатқан сәбиді қағып кеткен мопед жүргізушісі ұсталды

Кадр из видео
Кадр из видео
Оқиға бірнеше күн бұрын Төле би мен Брусиловский көшесінің қиылысында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда мопед мініп, арбада жатқан сәбиді қағып кеткен курьер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол 1983 жылғы қала тұрғыны болып шықты. Ол оқиға орнынан жауакершілікке тартылудан қорқып, бой тасалаған. Оқиға 16 наурызда сағат 13.00 шамасында Төле би мен Брусиловский көшелерінің қиылысында болған. Әлеуметтік желілерде тараған видеодан адамдардың бағдаршам арқылы өткелі жатқанын байқауға болады. Сол сәтте арғы жақтан курьер келіп, жолдан өтпек болған әйелдің арбасына соғылған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, арба ішінде болған үш айлық сәбиге зақым келіп, ол балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің хабаралуынша бала басынан жарақат алып, медициналық көмек көрсетіленнен кейін үйге жіберіліп, амбулаториялық бақылауға алынды.



Новости партнеров