Шу ауданында 2 жарым тонна жабайы қарасора жойылды

28.08.2020 20:50

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді

almaty.tv

Шу ауданында 2 жарым тонна жабайы қарасора жойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Аталған есірткі дақылын жою үшін 25 тамызда "Қарасора" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында арнайы бригада құрылған. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен іс-шараға Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдары, ауданаралық прокуратура және аудандық Қосқұдық орман шаруашылығы өкілдері қатысты. "Алабота" орман шаруашылығында шабылған массаның нақты салмағы 2 тонна 640 килограмм болған