Бірнеше көліктің соқтығысқан видеосы әлеуметтік желіге бірден тараған
Алматы облысында ірі жол апаты орын алды. Оқиға кеше сағат 22:00-де Талдықорған қаласында болған. Бірнеше көліктің соқтығысқан видеосы әлеуметтік желіге бірден тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv
Облыстық полиция департаментінің ақпарына сай, Toyota маркалы көлік жол қиылысында Lexus-ты соғып, одан кейін тойота серпіліс күшімен тағы екі машинаға соғылған.
«Жол апаты салдарынан 18 жастағы Toyota көлігінің жүргізушісі және ваз көлігінің 23 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бап, 1 бөлігі бойынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде», – деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.