Қазіргі уақытта қыз комада жатыр
Қарағандыда 25 жастағы бойжеткен төртінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
Оқиға Гоголь көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада қыздың пәтерінде бірнеше жігіт болғаны, олардың тез арада қашып кеткені айтылады.
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қыздың 25 жаста екенін нақтылады. Оның миы қатты зақымдалған. Қазіргі уақытта қыз комада жатыр.
Полиция жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Бұл дерек полицияда тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.