Түркістан облысында үш жылдан бері мал ұрлығымен айналысып келгендер ұсталды

12.08.2020 20:51

Жалпы шығын 70 миллион теңгеден астам

agroinfo.kz

Түркістан облысында үш жылдан бері мал ұрлығымен айналысып келгендер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. 6 адамнан тұратын қылмыстық топ Кентау мен Түркістан қалалары маңындағы жайлымында жүрген малдарды қолды қылып отырған. Жалпы шығын 70 миллион теңгеден астам. Қазіргі уақытта қылмыстық топтың 4 мүшесі қамауда отырса, қалған екеуі қолхатпен босатылды. 

Күдіктілердің әрқайсысы өз бағытында жұмыс істеп отырған. Бірі жайылымнан мал ұрласа, екіншісі жасырумен айналысқан, тағы бірнешеуіне мал сою міндеті жүктелген. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 188-1 бабы 4-тармағының «мал ұрлығы» бойынша сотта қаралуда.