Қазір бүлдіршінді өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратымен емдеуде
Сәбидің жағдайы өте мүшкіл. Бұл туралы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығындағылар мәлімдеді. Қазір балғынды өкпеге жасанды вентиляция жасау аппаратымен емдеуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол жабық бассүйек ми зақымын, бас-ми жарақатын алған. Оқиға 1 апта бұрын «Көк Қайнар» ықшамауданында болған. Мазасын алғаны үшін өгей әкесі баланы өлімші етіп ұрып соққан. Полиция жауап алған кезде, ер адам өз кінасын мойындапты. 1985 жылғы азамат баланың шешесімен азаматтық некеде тұрып жатқан көрінеді.