Референдумға дейін:
9
күн
2
сағат
45
минут

Ақтөбеде 16 жастағы қыз жоғалып кетті

Ақтөбеде 16 жастағы қыз жоғалып кетті
2003 жылы туған Батима Амандық үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, колледждің 1 курс студенті 16 жастағы қыз қайтып оралмаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға «102» телефонына 1972 жылы туған қыздың әкесі жүгінді. Әкесі 2003 жылы туған, Ақтөбе мұнай және газ колледжінің 1 курс студенті Батима Амандықтың 25 мамыр күні сағат 11-00-де отбасылық жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты.

«Белгілері: бойы 155-160 см, орта денелі, ұзын шашы қоңыр түсті, бетінде секпілдер бар; үстіне қара түсті футболка, ашық көк түсті джинсы шалбар, аяғына ақ түсті кроссовка киген. Өзімен бірге ұялы телефоны болған жоқ. Үйден бұрын-соңды кетіп көрмеген», - делінген хабарламада.

Жоғалған қыз туралы ақпаратты білетін тұрғындарды 8776 546 66 66 немесе «102» телефоны арқылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Новости партнеров