Алматыда 2 жастағы баланы ит талап өлтірді

29.03.2019 20:54

Бала дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған

Алматыда екі ротвейлер өз қожайындарының 2 жасар қызын талап өлтірді. Бұл жантүршігерлік оқиға Алатау ауданы Құрылысшы шағынауданындағы жеке тұрғын үй ауласында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алған жарақатынан бала оқиға орнында қаза тапты. Жедел шара барысында Алматы қаласы ветеринария қызметкерлері иттерді оқшаулап алған. Бүгінде олар ит пен мысықтарға арналған уақытша ұстау изоляторында ветеринарлар бақылауында тұр. Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде. Осы оқиғаға орай, мамандар ит асырайтын барлық тұрғындарға, әсіресе төбелеске арналған үй жануары бар азаматтарға ит пен мысықты ұстау ережесіне жауапкершілікпен қарап, қатаң ұстауға шақырады.  

Теги: трагедия