Шымкентте әуе желілерінің үзілуінен 14 700 тұрғын жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті 17 қараша күні сағат 10.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе электр сымдары мен электр қуатының үзілгенін хабарлады. 14 700 тұрғын жарықсыз қалды. «Оңтүстік Жарық Транзи» мекемесі сол күні 7491-не жарық қосты.
«18 қараша күні сағат 09.00-дегі жағдай бойынша «Оңтүстік Жарық Транзи» ЖШС (16 бригада, 59 жұмысшы және 11 бірлік техника) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, 7159 тұрғынға электр жабдығын қосты», – деп хабарлады.
Осыдан кейін тағы 50 абонент жарықсыз қалды. Оларға сағат 13.00-ге дейін энергияны қалпына келтіруге уәде берді.
Еске салайық, 17 қарашада Шымкентті қарлы боран басып қалған болатын. Желдің екпіні секундына 25 метрге жетті.