Анастасия Галееваның өлімі: прокурор айыптау қорытындысын оқыды

Анастасия Галееваның өлімі: прокурор айыптау қорытындысын оқыды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 22 жастағы суретші Анастасия Галееваның өліміне қатысты сот отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Істі Қарасай аудандық сотының судьясы Мухидин Тохтахунов қарап жатыр. Сот алдында 25 жастағы Асхат Баржақсин және 27 жастағы Евгений Степанов жауап беруде. Оларға адам өлтіру және қылмысты жасыру бойынша айып тағылды. Күдіктілер Алматы қаласының тұрғындары. 27 жастағы Евгений Степанов – Алматыда дүниеге келген. Үйленген, бір ұлы бар. Орта арнаулы білімі бар. Іле ауданына қарасты бір ауылда тұрады. 

2011 жылы көлік ұрлағаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Ресми түрде жұмыс істемейді, бірақ жұмысы бар. Екінші күдікті, 25 жастағы Асхат Баржақсин. Ол да Алматыда дүниеге келген. Ажырасқан, 7 жасар ұлы бар. Қарасай ауданындағы ауылда тұрады. Бұрын сотталмаған. Сот отырысы барысында прокурор Марат Қасымов істің мән-жайын айтып берді.

«9 ақпанда кешкі 19:00 шамасында достар Степанов пен Баржақсин «Volkswagen гольф» көлігімен «Жаңа Қуат» тұрғын үй кешеніндегі Степановтың үйіне барады, 22:00 шамасында үйде Степановтың әйелі Романова мен Галиеева сыра ішуді бастайды. 10 ақпанда сағат 01:00 шамасында жоғарыда аталған адамдар үйдің жуынатын бөлмесіне кіріп, Степановтың бастамасымен темекі шегу арқылы белгісіз затты тұтынуды бастаған. Біраз уақыттан кейін Романова мен Баржақсин басқа бөлмеге кіріп, ұйықтап қалды», - деді прокурор. 

Прокурордың айтуынша, Степанов пен Галеева белгісіз затты қолдануды жалғастырып, кейінен интимдік қарым-қатынаста болған. 

«Содан кейін, Степанов ұйықтамақ болады, бірақ Галеева белгісіз затты қолдануды талап етті, Степанов ол бітіп қалды деп бас тартты. Бірақ Галеева тауып беруін талап етіп, өйтпеген жағдайда әйелі Романоваға жақындығы туралы айтып беремін деп қорқытты. Сол кезде Степановқа Галееваны өлтіруге бағытталған қылмыстық ой келеді», - деп жалғастырды прокурор. 

Әрі қарай Степанов өзінің қылмыстық әрекетін іске асырмақ болып, Галееваны екі қолымен буындыра бастайды. Галеева оқиға орнында көз жұмды. Кейін Степанов мәйіттен құтылу үшін досы Баржақсиннен көмек сұрады. Олар мәйітті Баржақсиннің көлігінің жүк салғышна тиеп, каналға лақтырып жіберген. Екі айыпталушы да өздеріне тағылған айыппен келіспейді. 

Айта кету керек, 22 жастағы қыз ақпанның 9-нан 10-на қараған түні Алматы облысы Жаңа Қуат коттедж қалашығындағы құрбысының үйіне шаш үлгісін жасауға барып содан үйіне оралмаған. Анастасия құрбысының үйінен түн ішінде сағат 23:30-да шыққан. Оқыс оқиғадан соң қызды іздеу шараларына 50 ерікті, кинологтар, полиция қызметкерлері кірісті. 2 айдан соң полиция қыздың денесін Іле ауданындағы Междуречинск ауылына жақын арада каналдың шлюздерінің бірінен тапты.


Новости партнеров