Екібастұздағы апат: мұқтаждық туса Павлодарда ауруханалар дайын - Серік Жұманғарин

29.11.2022 20:55

Әлихан Смайылов өндірістегі оқиғаға себеп болған барлық түйткілді тез арада шешу керегін айтты

Жылу инфрақұрылымының тозу көрсеткішіне талдау жасалуы керек. Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Екібастұздағы жағдайдан кейін қалалардың жылу жүйесіндегі проблемаларын бүге-шүгесіне дейін тексеру керегін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv

Ол ақау шыққан нысанда жөндеу жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.

«Екібастұздағы жағдай менің назарымда. Күнде не болып жатқаны туралы ақпарат алып отырмыз. Қазіргі уақытта ауруханаларда қанша адам жатыр, перзентханаларда қанша әйел бар, қанша бала жатыр, температура қандай, ауа райы қандай? Жағдай қиындап, мұқтаждық туса - Павлодарда ауруханалар дайын, сол себепті Үкімет әлеуметтік жағынан бүкіл шаруаны реттеп, дайындап қойды», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Екібастұздағы апат бойынша тергеу басталған. Үкімет басшысы Энергетика және индустрия министрлігіне «Екібастұзжылуэнерго» мекемесіндегі технологиялық ережелерді бұзуға қатысты тексеру жүргізуге тапсырма берді. Әлихан Смайылов өндірістегі оқиғаға себеп болған барлық түйткілді тез арада шешу керегін айтты.