Полицейлер өзіне қол жұмсамақ болған адамды құтқарып қалды

29.10.2021 21:38

Алайда тілі күрмеліп, бұл әрекетіне не түрткі болғанын анық түсіндіре алмады

Стоп кадр

Алматыда тәртіп сақшылары «Эйфель» мұнарасынан секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ішімдікке тойып алған тұрғын Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысындағы биік конструкцияға шығып алған. Әу баста сол маңдағы мекеменің күзетшісі ер адамды райынан қайтармақ болып, әңгімеге тартыпты. Осы сәтте оқиға орнына жеткен полицейлердің бірі оның артқы тұсынан жасырын келіп ұстап алған. Осылайша, 44 жастағы ер адам баспалдақпен аман-есен төменге түсірілді.

«Алайда тілі күрмеліп, бұл әрекетіне не түрткі болғанын анық түсіндіре алмады», - дейді полицейлер.

Кейіннен есін жиған ер адам өміріндегі қиындықтарға байланысты өзіне қол салмақ болғанын айтыпты. Сондай-ақ оның тұрғылықты баспанасы жоқ екені де анықталды.

Теги: секіру