Тағы екі адам жарақаттанған
Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Көлік апаты 24 қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.
«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.