Ақтөбеде 24 жыл іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

20.09.2023 20:56

РФ экстрадициялау мәселесі шешілуде

ken-zhyloi.kz

Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде жүрген 56 жастағы Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі nur.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтірді және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстаған.

Ер адам 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында үш адаммен алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында қарақшылық шабуыл жасап, 3 азаматты өлтірді және қылмыс іздерін жасыру үшін олардың мәйіттерін сыбайластарымен бірге өртеп, көміп тастады деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалған. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Оқи отырыңыз: Медеу ауданы тұрғынын алаңдатқан мәселе шешілді ме