Қызылордада 14 жастар бала каналға суға батып кетті
ҚазАқпарат
Жасөспірімнің денесі жағаға шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылордада 14 жастағы жасөспірім каналға суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 26 мамырда сағат 17:07 шамасында болды. Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде тұратын 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім арнайы белгіленбеген орында суға түскен.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті және оған қарасты мекемелерден 40-қа жуық мамандар қажетті техникалармен келді. Оқиға орнына полиция да келді. Жасөспірімнің денесі жағаға шығарылды»,– деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Еске салсақ, Қызылордада каналдағы суға батып кеткен баланың денесі екі күннен бері іздестірілуде.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15