2006 жылғы жасөспірім осылайша өз өміріне нүкте қойғысы келген
Оралда қыз бала жетінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 11.30-дар шамасында орын алды. Бастапқы мәлімет бойынша қала мектептерінің бірінде 7-сыныпта оқитын, 2006 жылғы жасөспірім осылайша өз өміріне нүкте қойғысы келген.
«Абырой болғанда, қыз бала аман қалды. Ол қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазіргі кезде Орал қалалық Полиция басқармасы осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.