Көліктерден өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған
Павлодар облысында аяз салдарынан ескі көліктердің тұтануы жиілеп кетті, деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтар".
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдетінше, 20 қарашада сағат 15:20-да Ақсу қаласының Әлия Молдағұлова көшесінде 1999 жылы шығарылған Mercedes-Benz автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, салон панельдері, жалпы ауданы үш шаршы метр екі алдыңғы доңғалақ өртенді.
Сағат 07:54-те Железин ауданының аудан орталығында 1994 жылғы Audi A6 автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта техникалық бұйымдар жанған. Сағат 17:51-де Павлодар қаласында Максим Горький көшесі, 41/1 мекенжайы бойынша ашық аумақта 1997 жылы шыққан минивэн типті шанағы бар Volkswagen автокөлігі алты шаршы метр алаңда жанып кетті. Автомобиль газбен жүреді.
Сағат 18:01-де Екібастұз қаласы Әуезов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан 1997 жылы шығарылған Volkswagen Passat автокөлігінде қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта мотор-техникалық бөлігі жанған.
Көліктерден өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондықтан жүргізушілерге сақ болуға кеңес береміз. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр - дейді департаментөкілдері.