Ақтөбеде уақытылы көмек көрсету үшін шұғыл желі іске қосылды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ауа райына байланысты Ақтөбеде шұғыл штаб құрылып, тұрғындарға байланыс нөмірі таратылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылып, шұғыл желі іске қосылды. Байланыс нөмірі: 8 7132 54 85 24, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Қазгидромет» РМК АОФ хабарлауынша, 8-9 ақпан аралығында аймақта жел күшейіп, боран соғып тұр. 8 ақпанда облыстың басым бөлігінде қар, қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жердерде 23-28 м/с жетті. Ал 9 ақпанда жел жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, ал солтүстік бөлігінде 25 м/с болады.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде барлық білім беру мекемесінде сабақ қашықтан өтеді

Новости партнеров