Астанада ірі жол апаты болды

24.12.2022 в 20:57

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Астанада ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана ПД баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, сағат 15:00 шамасында Ұлы Дала көшесімен келе жатқан Kia Rio көлігінің жүргізушісі Бөкейхан көшесінің қиылысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан Lada-21901 көлігімен соқтығысқан.


Соққы салдарынан Lada-21901 көлігі басқа Volkswagen көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Kia Rio көлігінің жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.