Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды

05.03.2022 23:50

Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады

Жамбыл облысында 2 жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды
Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында екі жасар бала пойыз астына түсіп, қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қайғылы оқиға 4 наурызда сағат 17:52-де Малдыбай станциясында болған.


"Қайғылы оқиға кезінде бала үлкендердің қарауынсыз қауіпті аймақта болған. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы темір жолға жақын жерде тұрады", - делінген хабарламада.


ҚТЖ қаза болған баланың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Теміржолшылар балаларды теміржолдарда, вокзал платформаларында қараусыз қалдырмауға шақырады.