Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті
ашық дереккөз
Оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған.
"Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті.
Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды", - делінген хабарламада.
Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға. Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25