Батыс Қазақстанда жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

29.05.2022 22:08

Оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған

ашық дереккөз

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 28 мамыр күні Ақжайық ауданы Алмалы ауылында болған.

"Сағат 18.00-де ауылдан 3 шақырым жердегі Жайық өзенінде шомылуға тыйым салынған жерде алдағы айда 15 жасқа толатын ер бала батып кетті.

Кешеден бері іздестіру жұмыстары жүргізіліп, марқұмның денесі 29 мамыр күні сағат 07.00-де оқиға болған жерден 50-60 шақырым қашықтан табылып, судан шығарылды", - делінген хабарламада.

Бұл – биылғы осындай бірінші оқиға. Өткен жылы облыста 24 адам суға кетсе, соның 8-і балалар еді.