Сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр
Елордада психотроптық заттар өндірертін жасырын зертхананың көзі жойылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ, оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдықтар табылған. Қылмыстық топ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы операциясы кезінде анықталды. Қазір жасырын зертханаға қатысы бар деген бір шетел азаматы мен үш қазақстандық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тексеру жалғасып жатыр.