Иесі пәтерде болмаған: Атырауда көпқабатты үй өртке оранды

01.06.2021 20:59

Пәтер есігі кілттеулі тұрған

ҚазАқпарат

Атырау қаласында көпқабатты үйдегі пәтер өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 31 мамырда Атырау қаласының А.Құнанбаев көшесіндегі көпқабатты үйде болған. 

«Департаменттің диспетчерлік пультіне сағат 12:56-да 4-қабатта орналасқан пәтерден түтін шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерде иелері болмағанын анықтады. Пәтер есігі кілттеулі тұрған. Сол себептен, өрт сөндірушілер үш иінді саты арқылы 4-қабатқа көтеріліп, терезден кірді. Пәтердің жатын бөлмесі мен кіреберісі жанып кеткен»,– деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен. 

Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған. Жалын сағат 13:27-де оқшауландырылып, 5 минутта толық сөндірілген.