17 қаңтарда Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан
Теміртауда көпқабатты тұрғын үйде болған өрт орнынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«17 қаңтарда Теміртауда Уәлиханов көшесіндегі бес қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шықты. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт орнынан пәтер иесінің, 1956 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», – делінген хабарламада.
Өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 18:18-де түскен. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін 24 минуттан соң – 18:42-де өрт сөндірілді.
«Пәтерде жалпы алаңы 5 шаршы метрді құрайтын үй заттары, тұрмыстық техника мен жиһаз өртенді», – деп хабарлады ТЖД.
ТЖД күштері пәтер кіреберістерінен баспалдақ арқылы төрт адамды құтқарып, екі адамды эвакуациялады.
«Өрттің алдын ала себебі – ашық өрт көзі – пәтерде темекі шегу», – делінген хабарламада.