Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

19.01.2023 21:00

Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды

kstnews.kz Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/1958139-pavlodar-oblysynda-zantursigerlik-zol-apatynan-eki-adam-koz-zumdy-video/

Павлодарда жантүршігерлік жол апаты болды. 53 жастағы шетелдік көлік жүргізушісі трамвай жолдарындағы бағанаға соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды. Облыстық ПД алдын ала мәліметі бойынша Kia автокөлігін тізгіндеген ер адам рульді басқара алмай қалған. Оқиға кеше сағат 19:00 шамасында болған.

«Жол көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. ПД бұл дерек бойынша тексеру бастады. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», – деді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанар Белялова.