Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Абай облысында қайғылы жағдайда жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2023 жылдың 14 сәуірінде Бесқарағай ауданында бос жердегі орман шаруашылықтарының бірінде жасөспірім өзінің танысымен бірге шөп жинай бастаған. Жұмыс барысында жәбірленуші трактор мен білік жетегімен тракторға қосылған шөп орау прессінің арасында тұрып, секірмек болғанда, киімге ілініп, қысылып қалған.
Нәтижесінде 17 жасар жасөспірім оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.