Лай астында қалған 4 тұрғын үй жарамсыз деп танылған
Текеліде төтенше жағдай салдарынан қираған үйлерге жасалған техникалық сараптама қорытындысы шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Нәтижесінде лай астында қалған 4 тұрғын үй жарамсыз деп танылған. Осыған орай зардап шеккендерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанамен қамту үшін жергілікті әкімдік құжаттарды рәсімдеп жатыр. Тұрғын үйлерді сатып алуға қазір байқау жарияланыпты. Қорытындысы бір айдың ішінде белгілі болады. Ал үйсіз қалған отбасылар уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған. Мүліктерді қалпына келтіру үшін демеушілер тарапынан қосымша көмек көрсету жұмыстары жалғасып жатыр.
«Қалалық кәсіпкерлер, еріктілер, республикалық Қызыл Ай қоғамы таратыпан және өңірдегі қиын жағдайға тап болған отбасыларға арналған бағдарлама арқылы барлығы 5 млн-ға жуық қаржылай көмек көрсетілді», – деді Текелі қаласы әкімінің орынбасары Сері Болысбайұлы.