Шымкентте жарылыстан жапа шеккен жігіт әлі есін жиған жоқ
Фото : okbhmao.ru7
Газ құю бекетінде босаған 2 бөшке өртенген, кейін оған 7 және 50 текше метрлік бірнеше цистерна қосылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте газ құю бекетінде болған жарылыстан ауыр жарақат алған 20 жастағы қызметкердің жағдайы ауыр көрінеді. Ал желіде оқиғаны таспаға түсірген бейнекадрлар да пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Белгілісі, газ құю бекетінде босаған 2 бөшке алаулаған өртке ораныпты. Бірінде газ қалдықтары болған екен. Ал сәлден соң 7 және 50 текше метрлік тағы бірнеше цистерна жарылған.
Айта кетейік, осы тектес газ құю бекетінің жарылысы біраз бұрын Қызылорда облысында да орын алған еді. Құзырлы орындар өрттің шығуына тұрмыста пайдаланатын газ баллондарын рұқсатсыз толтыру себеп болуы мүмкін деген болатын. Бүгінгі оқиғадан кейін Шымкенттік тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43