Бұл ақпаратты Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі растап отыр
Ақтауда ақ халаттылар астан уланды. Шаһардағы мейрамханалардың бірінен тамақтанған 10 дәрігер ауруханаға түсті. Олардан талдау алынып, ішек инфекциясының белгілері анықталған. Бұл ақпаратты Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімдік ақпарына сенсек, осыдан 2 күн бұрын қала мейрамханаларының бірінде ауызашар өткізіліп, оған медициналық мекеме дәрігерлері шақыртылған. 50 адамның 16-сы улану белгісімен ауруханаға жүгінген.
«Бәліштен улануы мүмкін. Науқастарда іш өтіп, әлсіреу, сусыздану симптомы болды. Ауруханада жатыр, жағдайы тұрақты», – деді Маңғыстау облыстық инфекциялық аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.