Қызылорда облысында бір жасар бала кәріз құдығына түсіп кетіп, мерт болды

26.03.2023 21:32

Оқиға бүгін сағат 12:55-де болған

ашық дереккөзден

Қызылорда облысында 1 жасар бала септикке құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агентігіне сілтеме жасап.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша оқиға бүгін сағат 12:55-де болған.

Сырдария ауданына қарасты Тереңөзек кентіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала септикке құлап, қайтыс болды.