Дүкеннен газ иісі шығып жарылыс қауіпі туындаған
Әуезов ауданында орналасқан зоотауарлар сататын дүкен өртеніп кетті. Қызыл жалын кеше кешкі сағат 19.00 жамасында басталған. Дүкеннен газ иісі шығып жарылыс қауіпі туындаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға орнына шұғыл түрде авариялық газ қызметi де келіпті. Оқыс оқиғадан 57 жасар әйелді тоқ ұрған. Ол бірден қалалық 7 ауруханаға жеткізілді. Ем-шарасын қабылдағаннан кейін үйіне жіберілген. Тілсіз жаумен күресуге 75 адам мен 17 техника тартылған. Өрт көлемі 400 шаршы метр аумақты шарпыған.
«Өрт кезінде дүкенге жапсарлас тұрған ғимартқа қызыл жалын таралу қауіпі болды. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, қауіптің алдын алды. Қызыл жалын 30 минутта сөндірілді. Қазір аймақта көгілдір отын уақытша ажыратылды», – деді қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков.