Жүк көлігі аударылып, жүргізуші қаза болды

23.11.2020 21:04

Оқыс жағдай Алматының Петрозаводская көшесінде болған

inform.kz

Жүк таситын көлік аударылып, кабинадағы жүргізушісін жаншып жіберген. Оқыс жағдай Алматының Петрозаводская көшесінде болған. Өкінішке қарай, жарақат алған жүргізуші сол жерде бірден жан тәсілім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арнайы көлік техникасы қатты жауған қар мен тайғақ жолдың кесірінен кері бұрылып кетіп төңкерілген көрінеді. Осы кезде ішінде отырған жүргізуші салоннан түсіп қалған. Белгілісі, қаза болған азамат жүк таситын көлікке жүргізуші болып жұмысқа бірнеше күн бұрын орналасыпты.