The New York Times газеті әуе кемесіне жасалған соққының видеосын ұсынып отыр
Кадрде бірінші зымыранның ұшқаны көрінеді, ол жермен параллель ұшып барып жарылады. Араға 12 секунд салып, сол нүктеден екінші зымыран ұшып, нысанға дәл тиеді. Басылым мәліметінше, видеоның жалған емесі дәлелденген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Осыған дейін ирандық Ислам революциясы күзет корпусы лайнерге соққы жасалған сәтте түсірілген видеоны жариялаған жергілікті тұрғынды қамауға алғаны айтылған еді.
Еске салайын, 8-ші қаңтарда Иранның астанасы Тегеранның төбесіне Украиналық ұшақ құлап, 167 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қаза тапты. Лайнер бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған.